Танымал актер Дариға Бадықованың күйеуі Дархан Мұсаев отбасына қатысты өз шындығын жария етті, деп хабарлайды turkystan.kz.
«2023 жылдың ақпан айынан бастап жүрегім бір нәрсені сезгендей болды және сол жылдың аяғында бір кісілерден сыбыс әңгіме естідім, сол күннен бастап еш білмейтін адамның кейіпін танытып барлық болып жатқан мән-жайларды телефоныма тарта бастадым себебі, ақиқатқа көз жеткізген күні нақты қолымда дерек болуын қамтамасыз еттім. Сондықтан аталған сұхбат Дарханның жалған сөзі немесе ойдан құрастырылған дүниесі емес екеніне көз жеткізулеріңіз үшін. Осы сұхбаттан кейін менің бастан өткен тәжірибем адасып жүрген көп отбасыларға сабақ болады деген сенімдемін», – деді ол.