«Ажырасып кеттік»: Дариға Бадықованың күйеуі мәлімдеме жасады

/
«Ажырасып кеттік»: Дариға Бадықованың күйеуі мәлімдеме жасады

Танымал актриса Дариға Бадықованың күйеуі, актер Дархан Мұсаев жеке өмірге қатысты тосын мәлімдеме жасады, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Ол Дариға Бадықовамен ресми түрде ажырасқанын айтты.

«Құрметті, ағайын! Елдің аузында жүрген сұрақтың сауалына бүгін жауап беремін деп шештім. 2008 жылдың 11-тамызында Дариға Бадықовамен заңды некеге тұрдық. 16 жыл бірге ерлі-зайыпты ретінде отбасылы өмір сүрдік. 2024 жылдың күз айында заңды некені бұзу туралы өтініш жазып, ажырасып кеттік. Бүгінгі таңда мені Дариға Бадықовамен өмірде де, өнерде де ештеңе байланыстырмайды», – деп жазды актер.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары