Ірі инвесторларға салынған айыппұлдардың күші жойылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Прокурорлық сүзгімен» облыстағы 2 ірі инвесторды прокурордың келісімінсіз әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілерін анықтады.
Талдықорған қаласының полиция басқармасы «Алмаз Керамикс» ЖШС керамикалық плитка шығаратын зауытқа және «Қайнар-АКБ» ЖШС аккумулятор шығаратын зауытқа екі рет айыппұл салған.
Талдықорған қаласы прокурорының қадағалау актілері бойынша 300 мың теңгеден астам айыппұл салынған әкімшілік іс жүргізу тоқтатылды.