Алматының Алмалы ауданының полицейлері қала тұрғынының алтын бұйымдарын тонады деген күдіктіні анықтап, ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға күндізгі уақытта болған. Беймәлім біреу әйел адамның қолынан алтын алқасын жұлып алып, оқиға орнынан қашып кетуге әрекет жасаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полицейлер күдіктінің жеке басын және орналасқан жерін шұғыл анықтады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
– Біз құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтарды заңсыз әрекеттерден қорғау бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып келеміз. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, – деді Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Тимур Иманбеков.