Белгілі әнші Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіні елді елең еткізген жазбасымен шулатты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол өзінің сүйіктісі, өмірлік серігіне жүрекжарды тілегін арнаған.
“Бүгін менің жүрегімнің иесі, асыл жарым Ерлан Нұрғалиұлының туған күні. Жаным, сені кездестірген тағдырыма алғысым шексіз! Маған еркелеуді, нәзік болуды, махаббаттың не екенін ұғындырғаныңа, мені сүйген жүрегіңе мың алғыс! Бақыттың бағында бірге өмір сүрейік”.
Бұл сөздер бір сәтте желіде қызу талқыланып, жанкүйерлер мен оқырмандардың ыстық ықыласына бөленді. Сондай-ақ ерлі-зайыптының суреттері де қызу талқыланған.
Айгүлдің махаббатқа толы жазбасы көпшілікті сүйсіндіріп, тыңдармандарының ықыласына бөленді.
Ерлан Нұрғалиұлына арналған жылы лебіздер де толассыз ағылып жатыр.
Әншінің жазбасы небәрі 4 сағат ішінде мыңға жуық лүпіл мен жүзден аса пікір жинаған.