Кемі қола жүлде: Махмұд Сабырхан әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

Кемі қола жүлде: Махмұд Сабырхан әлем чемпионатының жартылай финалына өтті
Olympic.kz

Қазақстандық боксшв Махмұд Сабырхан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

55 келіге дейінгі салмақта қолғап түйістіретін Махмұд Сабырхан ширек финалда жапониялық Руй Ямагучимен жұдырықтасты.

Отандасымыз алғашқы раундтан-ақ басымдық танытып, қарсыласын нокдаунға жіберді. Нәтижесінде төрешілердің шешімі бойынша айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Осылайша, Махмұд Сабырханның қоржынында кемі қола жүлде бар. Енді ол финалға шығу үшін бақ сынайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары