Шымбұлақта аспалы жол істен шығып, кабинада 20 адам қалып қойған

/
Шымбұлақта аспалы жол істен шығып, кабинада 20 адам қалып қойған
ТЖМ

Шымбұлақта аспалы жол істен шығып, туристер құтқарылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бүгін теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте орналасқан «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында «Комби-2» аспалы жолы тоқтап қалды.

Алматы қаласы ТЖД құтқарушылары, ТЖМ республикалық жедел-құтқару жасағы және курорт қызметкерлері шұғыл түрде құтқару операциясын жүргізді. Нәтижесінде кабинада қалған 20 адам альпинистік құрал-жабдықпен төмен түсірілді. Сондай-ақ Талғар асуында қалып қойған шамамен 100 қонақ қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

Құтқару жұмыстары кезінде зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта аспалы жол уақытша жұмыс істемейді, оны қалпына келтіру шаралары жүргізілуде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары