Арал аудандық ауруханасы қызметкерлеріне 110 млн теңге жалақы бермеген

/
Арал аудандық ауруханасы қызметкерлеріне 110 млн теңге жалақы бермеген
istockphoto.com

Қызылорда облысы Арал ауданының прокуратурасы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мақсатында мониторинг жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тексеріс барысында «Арал аудандық көп бейінді орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ы биылғы жылдың маусым айына 623 қызметкерге 109 420 181 теңге жалақыға қарыз екендігі анықталды. 

Нәтижесінде 16.07.2025ж. ауруханаға заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыным енгізілді. 

Ұсынымды қарау нәтижесінде 623 қызметкерге жалақылары толық төленіп, олардың конституциялық құқықтары қорғалды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары