«Розаның дәурені баяғыда бітті»: Әли Оқапов анасынн сынайтындарды орнына қойды (ВИДЕО)

/
«Розаның дәурені баяғыда бітті»: Әли Оқапов анасынн сынайтындарды орнына қойды (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіден

Әнші Әли Оқапов "Кездесу" ютуб арнасына берген сұхбатында анасы Роза Рымбаева туралы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Роза Рымбаева - аңыз адам. Қазір сын айтудың қажеті жоқ. Осы жылы оның сахнада жүргеніне 50 жыл болды. Елу жыл бойы нөмірі бірінші әнші. Ол - факт. Қанша жас қыздар шықты. Осы қыз Роза Рымбаеваның орнын басады деді. Өкінішке қарай 2-3 жылдан кейін олар жоқ. Ал Роза Рымбаева кез келген үлкен шараның нүктесін қоятын - Роза Рымбаева", - деді ол. 

Көпшілік әншінің бұл сөзіне қатысты түрлі пікір жазды. 

"Розаның дәурені баяғыда бітті", "Роза Бағланова нөмірі бірінші", "1-Мақпал, 2-Роза", "Мен Роза Рымбаеваны тыңдамаймын", "Шындық, мойындау керек", "Еңбегі ерен, бірақ іштарлық бар", "Мақпалға жететін әнші жоқ", деп жазды көпшілік. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары