Қазақстанда 9 млн тоннаға жуық астық бастырылды

/
Қазақстанда 9 млн тоннаға жуық астық бастырылды
АШМ

Еліміздің өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың 6,3 млн гектары жиналды, бұл жалпы егіс алқабының 39,3%-ын құрайды. Нәтижесінде 9 миллион тоннаға жуық астық бастырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Ауыл шаруашылық министрлігі мәлімдеді.

Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер 221 мың тонна майлы дақыл, 933 мың тонна картоп (орташа өнімділік – 242,4 ц/га), 2,2 миллион тоннаға жуық көкөніс (өнімділік – 299,8 ц/га), сондай-ақ 2,1 миллион тоннадан астам бақша дақылдарын (өнімділік – 275 ц/га) жинады.

Оған қоса, 358,1 мың тонна қырыққабат (өнімділік – 369,3 ц/га), 448,1 мың тонна пияз (409,9 ц/га), және 137,8 мың тонна сәбіз (314,7 ц/га) жиналды.

Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде және агротехникалық талаптарға сәйкес оңтайлы мерзімде жүргізілуде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары