Боксшы Гүлсая Ержан әлем чемпионатының ширек финалына шықты

/
Боксшы Гүлсая Ержан әлем чемпионатының ширек финалына шықты
olympic.kz

Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Гүлсая Ержан Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Отандасымыз 80 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Ивета Лесинцкитемен (Литва) кездесті.

Жекпе-жек тең дәрежеде өтті. Дегенмен Гүлсая Ержан үшінші раундта басымдық танытып, жеңісті суырып алды. Қорытынды есеп: 3-2.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары