Үкімет құрылыс саласын бақылайтын ұлттық цифрлық платформаны іске қосуы керек – Президент

/
Үкімет құрылыс саласын бақылайтын ұлттық цифрлық платформаны іске қосуы керек – Президент
сурет: istockphoto.com

Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына жаңа экологиялық және санитарлық-гигиеналық ережелер енгізу керек екенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын үнемшіл болуға ынталандыратын жаңа экологиялық және санитарлық-гигиеналық ережелер енгізу керек. Табиғи ресурстарды, әсіресе, суды үнемдеу мәдениетіне келсек, ол жағынан үлкен кемшілік бар екенін мойындауымыз қажет. Яғни, атқарылатын жұмыс шаш етектен. Бұл – азаматтардың, әсіресе жастардың арасындағы түсіндіру шараларының, тіпті идеология жұмысының жеке бір бағыты, – деді Президент.

Мемлекеттің сөзінше, біз қазірдің өзінде судың тапшылығын сезініп отырмыз. Ал, оны тұтыну мәдениеті төмен. 

Соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқан тұрғын-үй құрылысы саласына айрықша назар аударған жөн. Былтыр 19 миллион шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Сонымен бірге, құрылыс сапасын арттыру үшін жасанды интеллект технологияларының (Building Information Modeling, BIM) көмегімен ғимараттарды ақпараттық модельдеу әдісін кеңінен қолдану керек, – деді Мемлекет басшысы.

Үкімет құрылыстың барлық кезеңдерін толық есепке алуды, жоспарлауды, оған мониторинг жүргізуді қамтамасыз ететін ұлттық цифрлық платформаны іске қосу қажет.

Ал жаңа Құрылыс кодексі осы саланың қауіпсіз әрі ашық болуына және тұрақты дамуына жол ашатын берік заңнамалық негізге айналуға тиіс. Құжатты жыл соңына дейін қабылдау керек. Президент депутаттардың бұл жұмысқа атсалысуы қажет екенін айтты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары