Түркістан облысында әкесін ұрып-соққан ер адам кім екені белгілі болды , деп хабарлайды turkystan.kz.
Әлеуметтік желі қолданушылары видеоға түсірілген ер адамды тез арада танып, оның аты-жөнін жария етті.
Желіде жарияланған ақпаратқа сәйкес, ер адам Шардара ауданы, Қоссейіт ауылының 41 жастағы тұрғыны екен. Жергілікті тұрғындар оны асаба Алмас Садақбаев ретінде таниды. Ер адам парақшасына басқарған тойлардан үзінділер, ұлттық аспаппен түскен және мешітте түскен суреттерін жүктепті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысында ер адамның өз әкесін аяусыз қорлап, балағаттап, тіпті ұрып-соққан видеосы тарағаны туралы хабарлаған болатынбыз. Облыстық полиция ер адамды қамауға алды.