Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Наталья Богданова Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатын жеңіспен бастады.
Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында сәтті өнер көрсетті. Наталья Богданова бұл кезеңде үндістандық Санамача Чоксоммен қолғап түйістірді.
ҚР ҰОК мәліметінше, жерлесіміз қарсыласын алғашқы раундтан-ақ қыспаққа алып, нокдаунға жіберді. Жекпе-жектің соңына дейін басымдығын сақтап қалған қазақстандық былғары қолғап шебері 5:0 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды.
Бокс федерациясы мәліметінше, әлем чемпионатының 1/4 финалы аясындағы жекпе-жек Сема Чалышканмен 9 қыркүйекке жоспарланған.