Шардарада әкесін аяусыз ұрған адам қамауға алынды (ВИДЕО)

/
Шардарада әкесін аяусыз ұрған адам қамауға алынды (ВИДЕО)
Видеодан скриншот

Түркістан облысы Шардара ауданында әкесін аяусыз ұрған тұрғын қамауға алынды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.

Жаға ұстатарлық жағдайды белгісіз адам үй қоршауының тесігінен түсірген. Онда жасы егде тартқан адамды зіңгіттей жігіттің боқтап, соққаны түсірілген. Ер адамның қасында әйелі бар.

"Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - дейді Түркістан облыстық полиция департаменті.

Қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданатын болады, дейді ведомство.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары