«Не болса соны жаза бермеңдер»: Гүлзира Айдарбекова ашуға мінді

/
«Не болса соны жаза бермеңдер»: Гүлзира Айдарбекова ашуға мінді
Әлеуметтік желіден

Желіде белгілі әнші Қайрат Нұртастың бейтаныс қалыңдықпен түскен видеосы тарап, көпшіліктің қызу талқысына түсті.

Көпшілік түрлі пікір білдіріп жатқан кезде, әншінің анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

“Қоя салыңдаршы! Той көйлегін жарнамалау үшін түсірілімге шақырған. Ол әйелдің отбасы мен бала-шағасы бар. Күйеуі бар келіншек. Үйленіп кететіндей шулап жатырсыздар. Не болса соны жаза бермеңіздер! Видеоға музыка қойып, монтаждаудың керегі жоқ. Хайп жинап қайтесіңдер”, – деп жазды Гүлзира Айдарбекова. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары