Тұман, шаңды дауыл және найзағай: Сенбі күніне арналған ауа райы болжамы

/
Тұман, шаңды дауыл және найзағай: Сенбі күніне арналған ауа райы болжамы

 Қазақстанның 14 облысында 6 қыркүйекке дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлытау облысында жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз шығысында екпіні 15 м/с жетеді. Облыс бойынша өрт қаупі жоғары, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда да өрт қаупі жоғары.

Түркістан облысының солтүстігінде күндіз шаңды дауыл болады. Жел оңтүстік-батыстан, күндіз солтүстігінде және таулы аудандарда 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент пен Түркістанда да жағдай сол күйінде қалады.

Қызылорда облысының орталығы мен солтүстігінде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан, күндіз орталығы мен солтүстігінде 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, Қызылорда қаласында да сол деңгей сақталады.

Қарағанды облысында жел шығыстан және оңтүстік-шығыстан, күндіз батысы мен оңтүстігінде екпіні 15 м/с. Батысы мен солтүстігінде өрт қаупі жоғары, оңтүстігінде төтенше деңгейде.

Атырау облысының солтүстігі мен шығысында күндіз найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан және батыстан, күндіз солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с. Облыстың көп бөлігінде төтенше өрт қаупі, батысында жоғары деңгей сақталады. Атырау қаласында да төтенше өрт қаупі бар.

Ақтөбе облысының батысы, солтүстігі мен шығысында түнде найзағай, күндіз бұршақ пен дауыл болады. Жел батыстан және солтүстік-батыстан, күндіз оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыста өрт қаупі жоғары, оңтүстігі, шығысы және орталығында төтенше деңгейде. Ақтөбеде кей уақытта найзағай күтіледі.

Қостанай облысында найзағай, батысы мен оңтүстігінде бұршақ және дауыл болжанған. Жел шығыстан және солтүстік-шығыстан, түнде батысы мен оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз де 15-20 м/с. Оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі, оңтүстігінде жоғары деңгей бар. Қостанайда найзағай күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан және батыстан, күндіз 15-18 м/с. Облыс пен Ақтауда төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде 15-20 м/с, кейде 25 м/с дейін. Батысы, оңтүстігі мен орталығында өрт қаупі жоғары.

Жамбыл облысында жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы және таулы аймақтарында 15-20 м/с. Облыс пен Таразда төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Абай облысында жел солтүстік-шығыстан, Аягөз ауданында 15-18 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі мен шығысында найзағай болжанған. Жел солтүстік-батыстан және солтүстіктен, облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде 15-20 м/с. Оңтүстігі, солтүстігі мен шығысында өрт қаупі жоғары, батысында төтенше деңгейде. Оралда найзағай күтіледі, желдің екпіні күндіз 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде найзағай болжанған. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман болады. Жел шығыстан, батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде 15-20 м/с.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары