Ақтөбеде жүк көлігі мен екі жеңіл көлік соқтығысты (ВИДЕО)

/
Ақтөбеде жүк көлігі мен екі жеңіл көлік соқтығысты (ВИДЕО)
видеодан скриншот

Ақтөбе көшелерінің бірінде жүк көлігі мен екі жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлеуметтік желіде жол апаты болған жерден кадрлар жарияланды. Онда соқтығысқан үш көлік пен асфальтта жатқан адамды көруге болады.

«4 қыркүйек күні Ақтөбеде Курсанттар шоссесінде үш көлік қатысқан жол-көлік оқиғасы болды. Соқтығыс салдарынан жаяу жүргінші зардап шегіп, жарақаттарымен медициналық мекемеге жатқызылды», – деді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта жол апатына қатысты тексеру жүргізіліп жатыр.

Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушылардың барлығына жол ережелерін қатаң сақтап, жолда барынша мұқият әрі жауапты болуға шақырады.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары