Қазақстандық жасөспірімдер Еуропалық олимпиадада бақ сынап жатыр

/
Қазақстандық жасөспірімдер Еуропалық олимпиадада бақ сынап жатыр

2025 жылғы 29 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында Болгарияның Шумен қаласында Информатикадан IX Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасы (EJOI) өтуде, деп хабарлайды turkystan.kz.

EJOI – 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында бағдарламалау мен алгоритмдік есептерді шешу бойынша ұйымдастырылатын жыл сайынғы зияткерлік сайыс. Бұл беделді дода жас қатысушылар үшін Халықаралық информатика олимпиадасына (IOI) қатысудың маңызды іріктеу алаңы әрі кәсіби дайындық трамплині болып саналады.

Биылғы олимпиадаға 24 мемлекеттен келген оқушылар қатысуда. Қазақстан құрама командасы олимпиадалық резервтің үздік өкілдерінен құралған.

Айта кетейік, Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасы (EJOI) алғаш рет 2017 жылы Болгарияның София қаласында ұйымдастырылды. Былтыр Кишиневте (Молдова) өткен EJOI-2024 додасында Қазақстан құрама командасы төрт медаль иеленген болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары