Қазақстанда күз қалай өтеді?

/
Қазақстанда күз қалай өтеді?
istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2025 жылдың қыркүйек – қараша айларына арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Болжамға сәйкес, қыркүйек айында Қазақстан аумағының басым бөлігінде айлық орташа ауа температурасы нормаға жуық болады деп күтілуде, республиканың батыс өңірлерінде және елдің солтүстік-батысының жекелеген аудандарында нормадан 1° жоғары, ал елдің солтүстік-шығысында, шығысында және оңтүстік-шығысында нормадан 1° төмен болады (норма: ҚР аумағының басым бөлігінде +10...+16°С, елдің оңтүстік жартысында +17...+21°С, республиканың оңтүстік-шығысы мен шығысының таулы аймақтарында +4...+9°С).

Қазанда үсік жүру ықтималдығы артады, республиканың басым бөлігінде айлық орташа ауа температурасы нормаға жуық болжануда, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста нормадан 1°С жоғары болады деп күтіледі (норма: ҚР аумағының басым бөлігінде +3...+9°С, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында +10...+14°С, республиканың оңтүстік-шығысы мен шығысының таулы аймақтарында -1...+2°С).

Қарашада еліміздің басым аумағында ауа температурасы нормадан 1-2°С жоғары болады деп күтіледі, тек елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ғана нормаға жуық болады (норма: ҚР аумағының басым бөлігінде -7...+1°С, оңтүстікте +2...+7°С).

Күзде жауын-шашын мөлшері жалпы алғанда көпжылдық мәндерге жуық болжануда, алайда облыстар бойынша таралуы біркелкі болмайды:

қыркүйекте республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормаға жуық, Маңғыстау, Ұлытау облыстарында, Қызылорда облысында, Түркістан облысының басым бөлігінде, Ақтөбе, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, Жамбыл облысының солтүстік-батысында нормадан аз күтіледі (норма: ҚР аумағының басым бөлігінде 1-24 мм, елдің батысы, солтүстігі, шығысы мен оңтүстік-шығысының жекелеген аудандарында 25-42 мм, елдің шығысындағы таулы аудандарда 50-56 мм);

қазанда көптеген облыстарда жауын-шашын мөлшері көпжылдық нормаға жуық, елдің солтүстік-батысында, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың және шығыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында нормадан көп күтіледі (норма: ҚР аумағының басым бөлігінде 6-24 мм, елдің солтүстігі, шығысы, оңтүстік-шығысының басым бөлігінде, республиканың батысы, орталығы, оңтүстігінің жекелеген аудандарында 25-49 мм, елдің оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және шығысының таулы аудандарында 50-64 мм);

қарашада республиканың басым аумағында жауын-шашын мөлшері нормаға жуық, елдің оңтүстік-батысы, орталығы, шығысы мен оңтүстігінің басым бөлігінде, Алматы облысының солтүстігінде және Жетісу облысында нормадан аз күтіледі (норма: елдің басым бөлігінде 9-24 мм, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының жекелеген аудандарында 50-82 мм).

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары