Уэльс қақпашысы Дэнни Уорд Қазақстанға қарсы ойында алаңға шықпауы мүмкін

/
Уэльс қақпашысы Дэнни Уорд Қазақстанға қарсы ойында алаңға шықпауы мүмкін

Уэльс құрамасының қақпашысы Дэнни Уорд әлем чемпионаты-2026 іріктеу аясындағы Қазақстанға қарсы матчқа қатыспауы мүмкін, деп хабарлайды turkystan.kz.

Sports.kz сайты футболшының Англия Чемпионатындағы «Рексем» сапында ойнаған кезде жарақат алғанын жазды. 33 жастағы қақпашыға алаңда медициналық көмек көрсетіліп, кейін дәрігерлер оны көтеріп алып кеткен. Клуб мәліметінше, ойыншы ми шайқалуын және шынтақ жарақатын алған.

Уорд Уэльс құрамасының бас бапкері Крейг Беллами шақырған үш қақпашының бірі еді. Ол 4 қыркүйекте Астанада өтетін Қазақстанға қарсы ойында және 9 қыркүйекте Суонси қаласында Канадаға қарсы жолдастық матчта алаңға шығуы тиіс болатын.

Құрама сапына Карл Дарлоу («Лидс Юнайтед») және Адам Дэвис («Шеффилд Юнайтед») те қосылған. Бірақ олар өз клубтарында негізгі қақпашы саналмайды, ал Уорд биылғы маусымда «Рексемнің» барлық төрт ойынын бастап шыққан. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары