Ғалымдар Коста-Рика жағалауынан ерекше жарқын қызғылт-сары түсті акуланы анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Коста-Рика жағалауында ғалымдар әлемде алғаш рет ресми түрде тіркелген қызғылт-сары түсті «акула-няньканы» аулап, қайта теңізге жіберді. Мұндай әдеттен тыс түс жыртқыштың генетикалық екі сирек мутациясының үйлесуінен пайда болған.
Бұл ерекше жаратылыс Тортугеро ұлттық паркінде зерттеу барысында кездейсоқ ұсталған. Ғалымдар оны суретке түсіріп, бірден еркіндікке жіберген. Зерттеу нәтижелері беделді Marine Biodiversity журналында жарияланды.
Ихтиологтардың пікірінше, акуланың әдеттен тыс кремді-қызғылт түсі ксантезизм мен альбинизм дертінің салдарынан болған. Осы факторлардың қосындысы балыққа ерекше реңк берген.
Жарқын түс акуланы табиғи камуфляжынан айырғанымен, мамандар оның өмір сүру ұзақтығына әсер етпейді деп санайды, өйткені балық қазірдің өзінде жетілген жасқа жеткен. Мутацияның ықтимал себептеріне ғалымдар туыстық шағылысуды, күйзелісті немесе гормондық теңгерімсіздікті жатқызады.