26 тамыз күні Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытында автокөтергіш аударылып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға сағат 14:30 шамасында болды. «ПКОП» ЖШС-нің өндірістік алаңындағы оқшаулау жұмыстары барысында автокөтергіш аударылды. Оқиға салдарынан мердігер компания «КРС Астана» ЖШС-нің екі оқшаулаушы жұмысшысы қаза тапты.
«ПКОП» ЖШС басшылығы қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», — деп хабарлады «PetroKazakhstan Oil Products» компаниясының баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиғаның себептерін анықтау үшін жұмыс тобы құрылды. Зауыт қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатыр.