«Тоймай ала бердік»: Абай Бегейдің қызы тағы елдің сынына қалды

/
«Тоймай ала бердік»: Абай Бегейдің қызы тағы елдің сынына қалды
instagram

Әнші Абай Бегейдің қызы Сымбат перзентханаға дайындығын көрсетіп, сынға қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесінің 16 жастағы қызы былтыр тұрмысқа шыққан еді. Жақында Сымбат әлеуметтік желіде перзентханаға дайындаған заттарын көрсетіп, көпшілктің пікірталасын туғызды.

«Алғаш рет ата-ана атанып жатқан соң ба, бәрін көп алып қойыпсың деп жазып жатыр. Біз болса қызықтағымыз келіп, көзіміз тоймай ала бердік. Екінші, үшінші балада қалады дейді ғой. Сіздердің ойларыңыз қалай? Сондай-ақ ана болуға дейінгі кеңестеріңіз болса, астына жаза кетсеңіздер, қатты қобалжып жүрмін», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары әлі тумаған балаға бесік алғанын байқап, екі түрлі пікір білдірді.

«Бесік алуға болмайды», «Батыстықтар да бұл салтты біледі», «Туғаннан кейін нағашылары да әкеледі. Неге асықты екен?», «Шариғатта тыйым жоқ, алдын ала дайындауға болады. Барлық нәрсе Алланың қолында», «Жамандықты шақыратын – өзіміз. Ырымға сеніп, болмайды деп үйретіп алғанбыз», – деп жазды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары