Алматы мен Токио арасында тікелей рейс ашылады

/
Алматы мен Токио арасында тікелей рейс ашылады
istockphoto.com

2026 жылы наурыз айында Алматыдан Токиоға тікелей рейс ашылады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу алғашқы ресми сапарымен Астанаға келген Жапонияның Сыртқы істер министрі Такеши Иваямен кездесу өткізді.

«Авиация саласында тараптар «Air Astana» және «Japan Airlines» әуе компаниялары серіктестігінде 2026 жылғы наурызда Алматы-Токио тікелей әуе бағытын іске қосу жоспарын құптады. Сондай-ақ жапон әуе компанияларының транзиттік рейстеріне қазақстандық әуежайларда қызмет көрсету және логистикалық терминалдар құру мүмкіндіктері қарастырылды», – делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары