«Тұрсын маған адамша үйленген жоқ»: Баян Алагөзова тойда күйеуін сөз қылды

/
«Тұрсын маған адамша үйленген жоқ»: Баян Алагөзова тойда күйеуін сөз қылды
Видеодан скриншот

Алматыда Тұрсын мен Баян Алагөзовтер қыздары Алма мен Алисаның тұсаукесер рәсімін қазақы дәстүрмен өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әнші Мадина Сәдуақасова бұл сәттен бейнежазба жариялап, алдағы жылы ерлі-зайыптылардың үйлену тойы өтетінін меңзеді.

Іс-шара барысында сөз сөйлеген Баян Алагөзова тойға деген ықыласын жасырмай, мерекелік көңіл күйді ерекше ұнататынын атап өтті. 

«Мен той тойлап жүргенді жақсы көремін. Жаным үнемі мерекені қалап тұрады. Бүгін үйімізге барған соң таңертең тұра сала Тұрсынға «тағы да мерекелегім келіп тұр» деп еркелей аламын. Келесі жылы бірге тұрып жатқанымызға он жыл болады екен. Мен тұрмысқа шыққым келеді. Тұрсын маған адамша үйленген жоқ. Мен қыз жолдастармен бірге билеп көргім келеді», - дейді Баян Алагөзова.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары