Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев АҚШ Президенті Дональд Трампқа алғысын білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл жайында Әзербайжан басшысы әлеуметтік желіде жазды.
«Маған жеке қолтаңбасымен сыйға тартқан тарихи фотосуреттері және онда жазылған жылы сөздері үшін Президент Дональд Трампқа алғысымды білдіремін. Дональд Трамптың Әзербайжан мен Армения арасындағы қатынастарды қалыпқа келтіруге, сондай-ақ Оңтүстік Кавказ бен бүкіл әлемде бейбіт күн тәртібін ілгерілетуге көрсетіп отырған батыл қолдауын жоғары бағалаймын және осы үшін тағы да зор ризашылығымды жеткіземін», – делінген жазбада.
Айта кетейік, фотосуретте мынадай сөздер жазылған: «Ilham, You are Great Leader» («Ильхам, Сіз ұлы көшбасшысыз»).