Қазақстандық әнші әрі продюсер Мөлдір Мұқанова Instagram желісінде жариялаған жазбасымен жұрт назарын өзіне аударды. Өнер иесі онда өмірлік ұстанымдары мен адамдарға деген көзқарасын бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Айналамдағылар неге саған жамандық жасағандарға үн қатпайсың деп сұрайды. Ал мен уақытымды өз деңгейімнен төмен түсіп, кек қайтаруға ысырап етпеймін. Мен үшін тыныштық – ең үлкен жеңіс, сабыр сақтау – нағыз биіктік. Себебі менің жүрегімде кек емес, кешірім көп», – деді Мұқанова.