Синоптиктердің хабарлауынша, алдағы күндері Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа температурасы күрт көтеріледі. Сонымен қатар, аптап ыстыққа байланысты өрт қаупі де артады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алматы облысы
25-30 тамыз аралығында Алматы және Жетісу облыстарында күндізгі ауа температурасы +27...+32°C-тан +33...+38°C-қа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Осыған байланысты өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Жамбыл облысы
2025 жылдың 25-30 тамызында Жамбыл облысында күндізгі температура +30...+35°C-тан +33...+38°C-қа дейін жетеді. Өрт қаупінің деңгейі өте жоғары болады.
Маңғыстау облысы
2025 жылдың 23-27 тамызында Маңғыстау облысында күндізгі температура +30...+35°C-тан +33...+38°C-қа дейін көтеріледі. Облыстың оңтүстігінде аптап ыстық +38°C-қа жетуі мүмкін. Өрт қаупі төтенше жағдайда болады.
Түркістан облысы
2025 жылдың 24-30 тамызында Түркістан облысында күндізгі температура +33...+38°C-тан +35...+40°C-қа дейін көтеріледі.
Ақтөбе облысы
2025 жылдың 24-25 тамызында Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында және орталық бөлігінде күндізгі ауа температурасы +35°C-қа дейін жетеді. 23-25 тамыз аралығында облыстың оңтүстігінде өрт қаупі төтенше жағдайда, ал орталығы мен шығысында жоғары деңгейде сақталады.