Диас Сейітқалиев грек-рим күресінен әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді

/
Диас Сейітқалиев грек-рим күресінен әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді

Қазақстандық балуан Диас Сейітқалиев грек-рим күресінен Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.

Шешуші белдесуде Сейітқалиев Михаил Шкаринге 1:4 есебімен есе жіберді.

Осылайша, грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының қоржынында бір медаль бар. 23 тамызда Арсен Жұма (55 келіге дейін) қола жүлде үшін күреседі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары