Жетісу облысында 35 тонна күнбағыс дәні тиелген жүк көлігі аударылды

/
Жетісу облысында 35 тонна күнбағыс дәні тиелген жүк көлігі аударылды
скриншот

Жетісу облысында полицейлер аударылған ауыр жүк көлігінің жүргізушісіне көмектесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алматы – Өскемен тасжолында 35 тонна күнбағыс дәні тиелген тіркемелі жүк көлігі аударылып қалды. Оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлер аударылған фураны қалпына келтіріп, өнімді жинауға жәрдемдесті.

Жүргізушінің өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төнген жоқ. Ол көрсеткен көмегі үшін тәртіп сақшыларына алғыс айтты.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерге рөлде аса мұқият болып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары