Әнші Мақпал Жүнісова желі парақшасында оқушы кезінде айтқан әнінің видеосын бөлісіп, көптің ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды turkystan.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.
Әншінің оқушы кезінде ән шырқаған видеосын Instagram желісіндегі парақшада Жанар Еркөлқызы есімді қолданушы мен Мақпал Жүнісованың өзі бөліскен.
"Мақпал Жүнісованың 9 сыныпта орындаған әні!", - деп жазды видео сипаттамасына Жанар Еркөлқызы.
Видеода жүргізуші әнді орындаушыларды таныстырып өтеді: "Әнім сенсің, туған ел" деп аталатын әннің сөзін жазған Бәкір Тәжібаев, әнді орындайтындар — Ахмет Жұбанов атындағы музыка мектебінің түлектері Мақпал Жүнісова, Жанна Хасенова, Дина Қорғанова және автордың өзі.