Степногорскта әйел сәбиімен бірге 7-қабаттан құлап, көз жұмды

/
Степногорскта әйел сәбиімен бірге 7-қабаттан құлап, көз жұмды
istockphoto.com

Ақмола облысы Степногорск қаласында әйел адам сәбімен бірге 7-қабаттан құлап кеткені анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Желідегі мәліметке сүйенсек, оқиға шамамен таңғы сағат 5 шамасында болды. Екеуі де сол жерде жан тапсырды.

Қайғылы жағдайды облыстық Полиция департаменті растап, агенттік тілшісіне ресми пікір берді.

«Әйел мен оның жас қызының Степногорск қаласындағы туыстарының пәтерінің терезесінен құлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді», – делінген облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары