«Осы жолы қатты кеттік»: Әзілкеш Мереке Қалбаева күйеуімен татуласқанын айтты

/
«Осы жолы қатты кеттік»: Әзілкеш Мереке Қалбаева күйеуімен татуласқанын айтты
instagram

Танымал әзілкеш Мереке Қалбаева өзінен 6 жас кіші күйеуінің тосынсыйын көрсетіп, татуласқандарын мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол жақында жолдасымен ажырасып кеткенін айтқан болатын. 

«Романтик емес күйеуім менен кешірім сұрау үшін осылай сюрприз жасады. Демек мені сүйеді. Бұл өзімді алдау емес, бұл – шындық. Алла жұбымызды жазбай, үлгілі отбасы болып, ұзақ та, хайырлы бақытты өмір сүруімізді нәсіп етсін», – деп жазды әзілкеш.

Желі қолданушылары әзілкештің жеке өмірін хайп деп бағалады.

«Айырылысып кеттік деп отыр еді», «Екінші Мөлдір болып жүр», «Енді жұптарың жазылмасын», «Бұл ит қатын, кәрі қатын ғой», «Күйеуінің басын қатырып не істеп жүр», «Аман Тасығанға берген сұхбаты далаға кетті”, “Кеше ғана көз жасын көл қылып отыр еді”, “Отбасылық өмірін хайпқа айналдырды”– деп жазды көпшілік.

Алайда блогер өзін сынағандарға жауап берді.

«Хайп болса екен деп өзім де армандаған едім. Біз ешқашан бұлай ренжісіп ұзақ жүрмеген едік. Осы жолы қатты кеттік. Бір ай сөйлеспедік. Егер Азамат деген досымыз кіріспегенде, жүре беруші едік осылай. Осындай кезде достардың қолдауы өте маңызды», – деп ақталды блогер.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары