Енді қажылыққа 5 жылдық тәжірибесі бар турфирмалар ғана апара алады – ҚМДБ

/
Енді қажылыққа 5 жылдық тәжірибесі бар турфирмалар ғана апара алады – ҚМДБ
istockphoto.com

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылғы қажылықты ұйымдастыру үшін туроператорлар арасында конкурс жариялады. Байқау «Үміткер туроператорларға қажылық орындарын бөлудің ережесі» негізінде өтеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Конкурс талаптары:

  • «Қажылық-2026» маусымына дайындығы және нақты игере алатын қажылық орын саны мен мүмкіндігі туралы ҚМДБ-ға өтініш хат жіберу;
  • Туроператорлық қызметті жүзеге асыру бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарына сай берілген тиісті мемлекеттік лицензиясының және ҚР туристік қызметі туралы заңының 27-3-бабының 1-тармағына сәйкес қосымшасының болуы;
  • Салық комитетінде тіркелгені туралы куәлігінің және салықтары төленгенін айғақтайтын құжаттардың болуы;
  • Қажылық пен ұмраны ұйымдастыруда тұрақты оң 5 жылдық тәжірибесінің бар екендігін айғақтайтын құжаттардың болуы;
  • ҚР заңдарын және САК тарапынан қажылыққа қатысты қойылған талаптарды бұзбауы;
  • ҚР аумағында халыққа сапалы қызмет көрсете алатын кеңсесінің болуы (кеңсенің мекен-жай анықтамалығы, кеңсе немесе ғимаратты жалға алған келісім-шарты).

Аталған құжаттар 2025 жылғы 18 тамыздан бастап hajj@muftyat.kz поштасы арқылы 2025 жылғы 31 тамызға дейін қабылданады. Көрсетілген мерзім аралығында құжаттарын тапсырмаған туроператордың ұсыныстары қаралмайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары