«Қазақ тілін толық үйренгім келеді»: Кішкентай орыс қызының жауабы көпшілікті қуантты (ВИДЕО)

/
«Қазақ тілін толық үйренгім келеді»: Кішкентай орыс қызының жауабы көпшілікті қуантты (ВИДЕО)
Видеодан скриншот

Көшеде өткен сауалнама кезінде кішкентай орыс қызының жауабы көпшілікті тәнті етті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оған «Сенің арманың қандай?» деген сұрақ қойылғанда, қыз бала: «Қазақ тілін 100% үйрену» деп жауап берген.

Белгілі болғандай, ол қазірдің өзінде қазақ тілін жақсы меңгеріп жүр. Тіпті бейнежазбада қазақша ән де шырқаған.

Желі қолданушылары оның зеректігі мен ықыласына риза болып, жылы пікір қалдырды:
«Тіл-көзден аман болсын! Үлкен азаматша болады», «Ата-анасы дұрыс тәрбие берген», «Тәтті сары қыз аман болсын», – деп жазды олар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары