Әзілкеш Мереке Қалбаева Аман Тасыған жүргізетін бағдарламаға берген сұхбатында отбасы ішіндегі қиындықтарымен бөлісті, деп жазады turkystan.kz.
Оның айтуынша, күйеуімен арада туындаған түсініспеушіліктерге өзі қолға алған үлкен кәсібі түрткі болған.
"Отбасымыздағы баланс бұзылғандықтан қазір шулатып жүрміз. Тұрмыс құрғаныма 7,5 жыл болды. Арсен екеуміз үйленген кезде жан-жақтан бізге бәс тіккендер көп болды. Бұлар бір-ақ ай тұрады, Арсен басқа қызға кетіп қалады деген әңгімелер айтылды. Өзімнің туған шешем де: ертең ол басқа қызға кетеді дайын бол, бай керек болса үнемі өз-өзіңе қарап жүр деп үнемі айтып отыратын. Анамның уайымы да сол болды. Шынымен де ол рас нәрсе. Еркек не үшін кетеді? Өйткені әйелдің бір жері дұрыс емес. Қазір отбасымызда реніштер болып жатыр. Менің тарапымнан да, Арсеннің тарапынан да басқа біреумен сөйлесу, жаман жүріс дегендер жоқ. Бізде адалдық бірінші орында тұрады. Бір-бірімізді жақсы көріп, сыйлап тұратынбыз. Гармонияда өмір сүрдік. Бірақ бір жыл бұрын кәсіп бастаймын дедім де сыналдым. Мен үнемі шулатып жүргенді жақсы көремін. Ал Арсен ондай емес, оған тыныштық керек", - деді ол.
Сонымен қатар әзілкеш күйеуімен қосылуға ниетті екенін де жасырмады.
"Арсеннің жоқтығы қатты байқалып жатыр. Күн сайын түнде жылаймын. Ол негізі алтын адам ғой. Мен ажырасуды елесте де алмаймын, ондай нәрсе болмайтын да шығар. Арсеннің достары да қосылуымызды сұрап жатыр. Себебі біз қызығып қарайтын жұппыз. Кез келген ортада бір-бірімізді сөзсіз түсініп отырамыз. Мен оны идеал көремін, оның мінін мүлде байқамаймын. Уақыты келгенде кешіріп сұрап барамын деп ойлаймын, бірақ әлі дайын емеспін. Эмоциямен көп нәрсені қабылдағаныммен өзімнің, балаларымның өміріне жауапкершілікпен қараймын. Соңы жақсы болады деп ойлаймын", - дейді ол.