«Иірімнің түбінде күндерім бар қайғылы»: Мейрамбек Бесбаев жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды

/
«Иірімнің түбінде күндерім бар қайғылы»: Мейрамбек Бесбаев жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды
Әлеуметтік желіден

Әнші Мейрамбек Бесбаев Instagram парақшасында ақын Ақберен Елгезектің өлеңін жариялады, деп жазады turkystan.kz.

Әншінің жазбасына пікір қалдырған желі қолданушылары туындының терең мазмұнына тәнті болып, «ойға жетелейді», «мәні зор өлең екен» деген ықыласты лебіздерін білдірді.

Өрт пе мынау, теңіз бе?
Қызыл шашы жалқындап,
Жанарымды шарпиды қою-қою толқындар.
Көкжиекте ақ бұлттар қызыл түске боялып,
Өкси-өкси көшуде, ауыр-ауыр ой алып.
Кіндігінде теңіздің иірім бар ұршықтай,
Қанша кеме бұл жерден өте алмаған тұншықпай.
Иірімнің түбінде күндерім бар қайғылы...
Қаперімнің бетіне қалқып шығар қай күні?

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары