Джей Ло қазақ қызына қолдау білдірді

/
Джей Ло қазақ қызына қолдау білдірді
Видеодан скриншот

Әлемдік мегажұлдыз Дженнифер Лопес қазақстандық әнші орындаған каверге қолдау білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 

Видео миллионға жуық қаралым жинады.

Қазақстандық әнші Мөлдір Байбуринова Дженнифер Лопестің "Ain't Your Mama" әніне кавер орындап, желі қолданушыларының назарын аударды. Әлемдік жұлдыздың өзі қазақстандық орындаушының видеосын өзінің Instagram парақшасында бөлісті.

Дженнифер Лопестің "Ain't Your Mama" әні 2016 жылдың 7 сәуірінде жарық көрген. Ән әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту тақырыбына арналса, әуенінде регги, дэнсхолл және латиноамерикалық музыка элементтері үйлесім тапқан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары