Белгілі журналист Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі оқырмандарына жауап қатты, деп жазады turkystan.kz.
Желі қолданушыларының бірі оған: «Жолдасы қайтқан адамға ұқсамайсың» деген пікір қалдырған. Осыған байланысты Сұлтанқызы өз ойын ашық білдірді.
“Мұхтар есімді оқырман жазыпты. Әйелдің сымбатына, түріне, шашына, тырнағына, көзіне көп жағдайда сын айтатындар – ер адамдар. Ер азаматқа жараспайды деп ойлаймын. Өз ойын фактімен айтқысы келетін шығар, бірақ әйел тақырыбынан бөлек те жайттар толып жатыр ғой. Ал физиологиялық тұрғыда жасармайтынымды білемін. Қартайып жатқанымды қабылдаған адаммын. Қала берді өзімнің жасымды ешқашан жасырған емеспін. Алла амандығын берсе осы қыста 48 жасқа толамын. Бір-бірімізді қолдап, керісінше жылы-жұмсақ сөздер жазайықшы", – деді ол.