Танымал әнші Қайрат Нұртас гендер пати кешінде неліктен әйелі Жұлдыз Әбдікәрімовамен бірге болмағанын түсіндірді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұған дейін актриса Жұлдыз Әбдукаримова төрт баласымен бірге гендер кешін өткізген еді. Толық видеоны ол YouTube арнасына жүктеді. Алайда сәбидің жынысын ашып айтқан жоқ. Дегенмен, желі қолданушылары қызы Алаудың реакциясына қарап, қыз бала дүниеге келеді деп болжады.
Әлеуметтік желі қолданушылары бұл сәтте Қайрат Нұртас қайда болғанын сұрап жатты.
«Қайрат, неге дәл осындай сәтте болмадыңыз?», «Қайрат жоқ, онша қызық емес екен», «Неге Қайрат жоқ?» деген сынды пікірлер қалдырылды.
Әнші отбасылық кешке жұмыста болып, қатыса алмағанын айтты.
«Жұмыста жүріп, түнделетіп қайттым. Мен жоқта Гендер пати шырақтары жанып қызық болыпты. Байқадым…», - деді әнші.