АҚШ-тағы елшілік қазақстандықтарға ескерту жасады

/
АҚШ-тағы елшілік қазақстандықтарға ескерту жасады
istockphoto.com

12 тамызда АҚШ-та жүрген және аталған елдің визасына ие қазақстандықтарға ескерту жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы виза талаптары мен елде болу мерзімін қатаң сақтауға шақырды.

«I-94 формасының (АҚШ-қа заңды кіргенін және елде болу мәртебесін растайтын құжат – ред.) мерзімі өткен соң елде қалу визаның жойылуына, елден депортациялануға және болашақта виза беруден бас тартуға әкелуі мүмкін. Елде болу мерзімін бұзу – АҚШ-қа саяхаттау, оқуға түсу немесе жұмыс істеу мүмкіндігіңізге теріс әсер етуі мүмкін», – делінген ескертуде.

Айта кетейік, маусым айында АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі виза алу үшін құжаттарды тапсыру кезінде нені ескеру керек екенін түсіндірген болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары