Астана – Петропавл тасжолында жүк көлігі екі адамды қағып кетті

/
Астана – Петропавл тасжолында жүк көлігі екі адамды қағып кетті
Ақмола облысының Полиция департаменті

Жаңаталап және Қаратал ауылдарының арасында, Щучинск қаласы бағытында жол апаты болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізуші MAN маркалы жүк көлігін басқарып, оң жолақпен қозғалып келе жатып, жол жиегінде өз көлігінің дөңгелегін ауыстырып жатқан екі азаматты қағып кеткен.

«Қақтығыс салдарынан екі зардап шегуші ауыр халде аудандық ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша полиция ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. MAN маркалы жүк көлігі арнайы айыппұл тұрағына қойылды», – деп хабарлады ведомствода.

Полиция барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жол жиегінде көлікті жөндеу үшін мәжбүрлі түрде тоқтаған жағдайда, міндетті түрде апаттық тоқтау белгісін қою қажет. Жүргізушілер тоқтап тұрған көліктердің жанынан өткенде ерекше мұқият болып, жылдамдықты төмендетуі тиіс.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары