Шымкенттегі ауруханаға белгісіз ер адам кіріп, адамдарға шабуыл жасаған

/
Шымкенттегі ауруханаға белгісіз ер адам кіріп, адамдарға шабуыл жасаған
istockphoto.com

Шымкенттегі ауруханаға белгісіз ер адам кіріп, бір адамды соққыға жыққан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға бейнежазбаға түсіп қалған. Видеодағы сипаттамаға сәйкес, шабуыл кезінде агрессор бұрын түрмеде отырғанын «мақтан» еткен.

Шымкент ПД аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторында отыр.

«Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы полиция басшылығының бақылауында», – деп хабарлады полиция.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары