25 шілдеде Ұлттық Банк банктер үшін ең төменгі резервтік талаптар (ЕТРТ) ережесіне енгізілген өзгерістерді бекітті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл несімен маңызды?
Қазақстанда ЕТРТ нормалары аймақтағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі болып қалды:
• теңгеде – 1,3%
• валютада – 2,5%
Көрші елдерде бұл көрсеткіш жоғары – ұлттық валютадағы міндеттемелер бойынша орта есеппен 4-4,5% және шетел валютасында шамамен - 15%.
Жаңа нормалар қандай болмақ?
• теңгеде: 3,5% және 5%
• валютада: 10% және 15%
Өсім жыл бойы кезең-кезеңімен орындалады.
Бұл не үшін қажет?
Қабылданған шаралар нарықтағы артық өтімділікті азайтуға және Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты аясында инфляцияға қарсы шараларды күшейтуге мүмкіндік береді.