Шымкентте мұғалімдер үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді

/
Шымкентте мұғалімдер үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді
istockphoto.com

Шымкент қаласының білім басқармасы жас мамандарды 13 тамызда сағат 10:00-де өтетін «BilimQadam-2025» бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне шақырады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мақсат – жас мамандар мен білім беру ұйымдарын тікелей байланыстыратын тиімді алаң құру.

Бағдарламада:

  • Әртүрлі пәндер бойынша бос орындар;
  • Мектеп, балабақша, қосымша білім беру ұйымдары өкілдерімен сұхбаттасу;
  • НОБД HR жүйесіне тіркелу бойынша кеңес;
  • Пайдалы ақпараттар мен жадынамалар.

Маңызды: GPA 3,33 және одан жоғары, сертификаттаудан өткен түлектер конкурстан тыс жұмысқа орналасады.

Өзіңізбен бірге:

  • Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ);
  • Түйіндеме;
  • Диплом және құжат көшірмелерін ала келіңіз.

Өтетін орны: Көрме орталығы, Н. Назарбаев даңғылы, 12

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары