Ақтөбе тұрғыны пойыз бастығын алты рет пышақтап өлтірген

/
Ақтөбе тұрғыны пойыз бастығын алты рет пышақтап өлтірген
istockphoto.com

Қанды оқиға 8 тамыз күні болған. Ақтөбеде теміржол вокзалының алдындағы алаңда пойыз бастығын белгісіз ер адам өлтірген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қылмысты күдікті бейнебақылау камераларының дәл алдында жасаған. Пробациялық бақылауда болған 28 жастағы ақтөбелік көшеде келе жатқан 47 жастағы ер адамды – пойыз бастығын көрген. Ол қасына барып, темекі сұрайды. Бас тартқан соң күдікті жәбірленушіні алты рет пышақ ұрған. Одан кейін ол қылмыс болған жердегі бейнебақылау камерасына қарап, пышақты сүртіп, әрі қарай кеткен.

Қаскөй қылмыстық әлемде бедел жинау үшін кездейсоқ адамды өлтірген. Өлтірердің алдында ғана сот оның пробациялық бақылауын бұзғаны үшін оны колонияға жіберу туралы шешім шығарған.

Ақтөбе облысы ПД-ның мәліметінше, күдікті ұсталды. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, жан-жақты және толық тергеу жүргізу мақсатында қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары