Боксшы Бақыт Сейдіш Азия чемпионатында алтын медаль алды

/
Боксшы Бақыт Сейдіш Азия чемпионатында алтын медаль алды
olympic.kz

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан U22 Азия чемпионатында екінші алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Финалдық жекпе-жегінде Бақыт Сейдіш жеңіске жетіп, 70 келіге дейінгі салмақта чемпион атанды.

Шешуші кездесуде Сейдіш өзбекстандық Ойши Таировадан басым түсті.

Өкінішке қарай, Шұғыла Нәлібай (75 келіге дейін) финалда жеңіліп қалды. Ол қытайлық Цзии Баоға есе жіберді.

Айта кетейік, бұған дейін 48 келіге дейінгі салмақта Гүлназ Бөрібаева чемпион атанған болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары