Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова Instagram желісінде бейнежазба жариялап, тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбына назар аударды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оның айтуынша, күн сайын дерлік оншақты әйел жеке хабарласып, көмек сұрайды.
"Күнде 10 шақты қыз жазып, “Не істесем болады? Қайда барам? Кете алмай жүрмін…” деп жылайды. Дауыстары дірілдеп, жүректері қорқып, жан дүниесі қысылады", – дейді Мұқанова.
Ол зорлық-зомбылыққа төзуге мәжбүр болатын жағдайлардың көп екенін атап өтті.
"Себептер әртүрлі. Балалар бар, Баруға жер жоқ, қаржы тапшы, «Мүмкін, өзгерер» деген үміт, Ата-ананың сөзі, Ұялу сезімі, Өзін кінәлі сезіну. Бірақ бір нәрсені ұмытпаңыз: өміріңіз – өз қолыңызда", – деп түйіндеді ол.