Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдумәлік Instagram-дағы парақшасына сурет жүктеп, оқырмандарына жақсы жаңалығын бөлісті. Ол сәбиін күтіп жүргенін хабарлады, деп жазады turkystan.kz.
"Сен менің жүрегімде болғанда мен сені көрмесем де, өзіңді сүйіп кеткенімді байқамай қалдым", - деп жазды Жансая Әбдімәлік.
Танымал шахматшы 2023 жылдың көктемінде тұрмысқа шыққан. Оның таңдауы "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС басқарма төрағасы, 34 жастағы Нұрахмет Нұриевке түскен.
Желі қолданушылары оның бұл жаңалығына жағымды пікірлерін жаудырды.
"Жұғысты болсын", "Мұндай керемет жаңалықпен құттықтаймын", "Мәссаған, кішкентай кезінде еліміздегі ең жас гроссмейстер болған. Жансая Абдумәлік десе үнемі кішкентай қыз ретінде есімде қалып қойыпты. Одан бері сіз де мен де өскенімді ұмытып кетіппін. Аман-есен бүлдіршініңізді қолға алыңыз", - деп жазды олар.